Ақтөбеде аудандық басылымдардың журналистеріне арналған семинар өтіп жатыр. Алдымен ардагер журналистерге сөз берілген соң, Самал («Төртінші билік» бірлестігінің төрайымы) әріптесіміз қызықты тренингтер өткізді. Кезек «тяжеловес» әріптес апайымыз Баян Сәрсембинаға тиді. Баян апамыз кішкене кешігіңкіреп келді, біз оған түсіністікпен қараймыз. Өйткені, кішкентайы Алдияр анасын жібергісі келмеген шығар. Бір байқағаным, Баян апайдың қолында азық-түлік салған сөмкелері бар. Дүкенге де соғып келе жатқан секілді. Соған қарамастан, апайымыз аудандардан келген журналистерге өте кызықты мастер-класс көрсетті. Аудандық басылымдарды сынға алды. Жалғасы бар…