Шымкенттік шенеуніктердің театрға табаны тартпайды

Пікір қалдыру

Advertisements

Ох, не деген жұқсыз едім….

Пікір қалдыру

Өркеннің өрнегі

1339853399_human-dnaМенің әкем маған тартқан. Дұрысы, мен оған… Қатпа қара. Қанша жесе де, ішсе де бетіне көрінбейді, бөксесі шықпайды. Сондықтан, сылтауым дайын – «денсаулығың мол емес екен» десе, «генетика» деп саусақтарымды ДНК-ның спиралындай айқастыра саламын.

View original post 883 more words

Сүттанудан семинар

Пікір қалдыру

Өркеннің өрнегі

urlСүт деген сұйықтық бар. Алла тағаланың шапағаты ретінде арнайы Наһл сүресі түсірілген балдан бір жері кем емес. Ол экономикада алып индустрия, аспаздықта алуан ассортимент болғанымен қоймай, ана сүті деп адамзаттық құндылық дәрежесіне көтерілген бірден-бір сұйықтық.

View original post 744 more words

Қытай қожайынның қоқаңы

Коммент өшірілген on Қытай қожайынның қоқаңы

Қытай қожайынның қоқаңы

Еліміздің батысындағы қара алтынды сорып отырған алпауыт мекемелердің қарапайым жұмысшылары ғана наразы ма десек, осы аптада «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясында болған кездесуге қарап, басшылығының да өкпесі қара қазандай ма деп қалдық. Әдетте мұңын шағып, базынасын айтатын мұнайшылардың үні бұл жолы жай шықты. Керісінше, әсте бір отағасы ашуланып жатқандай, «СНПС-АМГ» басшысы Сюй Кецянның әкіреңі ащы.

Естеріңізге сала кетейік, дау қазақ даласына тамыр тартқалы отырған тағы бір қытай компаниясына қатысты туындап отыр. Жергілікті жұмысшылардың бұрыннан көксеп жүргені де осы жайтты болдырмау еді. Облыстың таяуда ғана тақты босатқан әкімі Елеусін Сағындықов та бұдан біраз уақыт бұрын «болдырмаймыз» (жаңа қытай ұлттық көлік компаниясы – ред.) деп сөз беріп еді. Қазір «өзі жоқтың – көзі жоқ» дегендей болып тұр. Компания құрылды. «Қытай Ұлттық Мұнай (!) компаниясы» («СНПС») алпауытының Ақтөбе бөлігіндегі көлік паркін енді «Қытай Ұлттық Көлік (!!!) компаниясына» қарасты жаңа ЖШС басқармақ. Мақтан етеміз бе, әлде санымызды соғамыз ба, әйтеуір облысымызда бір емес, «Аспан асты елінің» ұлттық мәртебесі бар екі компаниясы жұмыс істемекші.
Осы аптада болған кездесуге қайта оралсақ. Бақсақ, жұмысшылардың наразылығы қытай басшыны әбден мезі еткенге ұқсайды. Қара халықтың сондағы айтқаны мынау ғой:
– Жиырма жылдан бері күн демей, түн демей маңдай терімізді төгіп келеміз. Сондағы алатынымыз 40 мың теңгенің о жақ бұ жағы. Ал енді, сіздер келіп алып, техника біздікі, не істесек те өз еркіміз деп отырсыздар. Жергілікті халыққа деген құрметіңіз, тіпті сөзіңізді қазақ тіліне аударатын маманыңыздың жоқтығынан байқалмай ма? Неліктен бірде-бір қазақ тілі аудармашысы жоқ басшылықта?! Халықты неге сыйламайсыздар? Ал жұмыс жөнінде айтар болсақ, мен өз ақшама көліктерге қосалқы бөлшек сатып аламын. Амалсыздықтан. Өйткені бала-шағамды асырап отырмын сол көліктің арқасында. Ал сіздер келіп алып, жаңа құрылымға («СНПС-АМГ» АҚ мамандандырылған көлік басқармасынан Қытай ұлттық көлік компаниясына қарасты серіктестікке – ред.) ауысыңдар дейсіздер. Неліктен бізге жаңа техника бермейсіздер, жаңасының барлығы көлік компаниясының құрылымына беріледі. Біздің көлік басқармасын аластатасыздар. Кезінде біздің ақшаға автокөлік жуу бекеттерін салдырттыңыздар, гараж пайда болды. Біз, қарапайым көлік жүргізушілері мына нашар жолдармен талай мұнай тасыдық қой! Жаңа машиналар жаңа мекемеге кетіп жатыр, ал біздің жігіттер мұздай гаражда көлік жөндеп, денсаулықтарын құртып жатыр, жігіттеріміздің белдері шойырылып, алды мүгедек, – деп бастады мұнай таситын жүргізуші Александр Леонов.
Мұнай компаниясындағы көлік жүргізушілеріне Жаңажолға ауысу жөнінде ұсыныс айтқан. Жұмысшылар үйлерін тастап, қоныстарын өзгертуге мәжбүр. Бәрінен бұрын қазір арқалап жүрген «мұнайшы» мәртебесінен «айырылып қаламыз» деп қорқады. Өйткені, қанша дегенмен, жаңадан құрылған компанияға ауысса мәртебесі тек жүргізуші болып қалмақ. Мұнайшы мәртебесінен айырылды деген – жеңілдіктерден қағылды деген сөз.
Наразы топ өкілдерінің айтуына қарағанда, осыдан бірнеше жыл бұрын мұнай компаниясындағы күзетшілерді де осылай алдап ауыстырып жібергенге ұқсайды. Рас, бастапқыда кепіл боламыз деген басшылық, артынша сөзінен тайып кеткен.
– Жалпы, бізде кез келген басшылық қытайлық қожайындар алдында жығылады. Қай әкімге мұңымызды шақпайық, айналып келгенде, олар да соны қайталайды. Қарапайым жұмысшыны ойлап жатқан әкім-қаралар жоқ. Барлығы сатылып кеткен. Қытайлар оларға бал беріп қоя ма екен, түсінбедік. Барлығы бізден теріс айналады, – дейді мұнайшылардың бірі.
«СНПС-АМГ» АҚ Бас директоры Сюй Кецянның даусы зілді шықты. Бар кінәні байғұс жұмысшылардың өздеріне артып қойғандай әсер қалдырды.
– Мамандандырылған көлік басқармасынан көлік компаниясына ауысу әркімнің өз еркінде. Рас, жүргізушілер ақпарат құралдарында орта топтағы менеджерлерден қысым көргенін айтып келді. Меніңше, оған еш негіз жоқ. Қаласаңдар, мамандандырылған көлік басқармасында қалыңдар, болмаса жаңа мекемеге ауысыңдар. Айтыңдаршы, сендерді біреу қол қойыңдар деп қинап, күштеп жатыр ма?! Ал жаңа серіктестікте техника да су жаңа, оның басым бөлігі қолданыста болмақшы. Сол себепті еңбекақы да жоғары болмақ. Рас, әлеуметтік қоржын мен сыйақы тағайындау жүйесі бұрынғысынша қала бермек, – дейді Сюй Кецян зілді дауыспен. – Компания активтері – сіздердің жеке активтерің емес. Машиналар да – отбасылық машиналарыңыз емес. Бұл компания активтері. Сондықтан, оны қалай пайдаланамыз десе де, компанияның өз еркі. Біз ешкімді жұмыстан қуғамыз жоқ. Ал жаңа серіктестікте әрбір жұмысшыға сыйақы төленеді. Сонда сыйақыдан бас тартасыздар ма? (Сыйақы мөлшері 30 мың теңге – ред.) Еңбекақы да жоғары, өйткені жұмыс көрсеткіші жақсы. «СНПС-АМГ» АҚ мамандандырылған көлік басқармасында қолданыстағы техниканың коэффициенті 67 пайыз, ал жаңа мекемеде бұл көрсеткіш 80 пайыз. Егер жаңа құрылым көлік паркін бізге қарағанда, жақсы басқаратын болса, оның несі жаман?!
Сырттан қарағанда, қарапайым жұмысшылар мен қытайлық компания басшысының әңгімесі соқыр мен мылқаудың сөйлескені іспетті. Байғұс жұмысшылардың мұңын басшылық ұқпады ма, әлде ұққысы келмей ме, әйтеуір екі тарап бірін-бірі түсінбегендей әсер қалдырды.
Жүргізушілер де қарап қалмады. Таяуда сол кездегі облыс әкімі Елеусін Сағындықовтың қабылдауында болған олар әкімнің жаңа көлік компаниясы құрылмайтынын айтып, сөз бергенін алға тартады.
– Өңір басшысы уәде берді емес пе? Қытай ұлттық көлік компаниясына қарасты ЖШС ашылмайтын болды деді. Неге халықты алдайды? Облыста 700 мың тұрғын болса, солардың барлығы естіді ғой. Ақпарат құралдары арқылы облыс әкімі сөз берді, – деп іліп әкетті жұмысшылар.
Ызаға булығып отырған қызметкерлер жергілікті билік тарапынан құрылған комиссияның атқарған жұмыстарын көрмейтінін айтады. Іс насырға шабар болса, компаниядағы болсын, биліктегі болсын, барлық басшылықтарды ескертеді.
«Егер жағдай дереу оңтайлы шешілмесе ақырғы қадамдарға барамыз», – дейді олар.
Жалпы, мұнайшылар осыған дейін де жергілікті биліктің бөлмесін де түрткен болатын. Оның алдында жұмысты да тоқтатқан кездері болды. Ізі суымай, белсенді мұнайшыларға қысым көрсетіліп, үшеуі жұмыстан қысқартылды. Онысы аздай, мойынға бір миллион теңгеден ілгілері келді.
Мұның барлығынан хабардар екендігін білдірген сол кездегі өңір басшысы «СНПС-АМГ» басшылығындағы қазақ азаматтарының бірі – Рахметолла Мүсіркегеновке шегелеп тұрып тапсырма берген болатын. Рас, соңғы аталған ешқандай мәселе жоқтығын айтып ақталған еді.
Әлеуметтік жағдайына алаңдаған ақтөбелік жұмысшылардың шу шығарып отырғаны қазір ғана емес. Мезгіл сайын мұнайшылар бас көтеріп тұрар болса, арасында оларға Хромтау кеншілері де қосылады. Қай-қайсысының да мұңы бір, негізінен, еңбек жағдайлары мен жалақы қинайды. Рас, қытай алпауытындағы мұнайшылар ұлттық мүддені алға қойып отырғандарын жасырмайды.
Соңғы деректерге сүйенсек, 1100 адам су жаңа көлік компаниясына жұмысқа орналасу жөнінде арыз жазыпты. Қалған 833 қызметкер алған бағыттарынан таймай отыр.

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе облысы
«Жас қазақ» газеті, 5-

МҰҚАСАНҒА ҒАШЫҚ АННА ӘЖЕЙ

Коммент өшірілген on МҰҚАСАНҒА ҒАШЫҚ АННА ӘЖЕЙ

Ақтөбелік зейнеткер Анна Ходаненок таяуда 70 жасқа толды. Жақын араласатын көршілері оған «Нұр-Мұқасан» дуэтінің альбомын сыйға тартып әлек.
Рас, Анна әжейдің сөресінде аты аталған қазақстандық әнші жігіттердің бір емес, бірнеше ән жинақтары жинаулы тұр. Таспа дейсіз бе, дискі дейсіз бе, іздегеніңізді табасыз. Тіпті бір ән жинақтың бірнеше данасынан тұрғанын айтсаңызшы. Сонда да қонақтары оған «қос қарлығаштың» альбомдарын сыйлаудан шаршамайды.
Әңгімені әріден бастасақ, Анна Ходаненок Нұрлан мен Мұқасанның шығармашылығымен «Бауыржан-шоудың» алғашқы концерттерінен таныс. Содан бері қанша жыл өтсе де, сүйікті әншілерін тыңдаудан жалығар емес. Тіпті бірнеше ай бұрын о дүниелік болған марқұм шалы да Анна бәйбішесін «Нұр-Мұқасаннан», әсіресе Мұқасаннан қызғанып жүретін-ді. Кемпіріне: «Жасың 70-ке келіп қалғанда, не алжығаның», – деп ұрсып қоятынын айтсаңызшы. Дегенмен, әжейдің Мұқасанға, оның шығармашылығына махаббаты берік.
Айналдырған екі бөлмелі үйде «Нұр-Мұқасанның» постері мен газет-журналдардан қиып алған суреттері ілінбеген мүлік жоқ. Тоңазытқыш, теледидар барлығында домбыраларын құшақтап, Нұрлан мен Мұқасан күлімсіреп тұрады.
Тіпті, қайсыбір жылы гастрольдетіп Ақтөбеге келгенде Анна әжей көшедегі афишаларды ұрлаудан тайынбапты. Концертке билетті бір ай бұрын алып қояды. Көгілдір экран алдында көре қалса, барын ұмытып, отыра кетеді. Тіпті кей әндерінің сөзін қағазға түсіріп, ыңылдап жүреді.
Анна әжеймен соңғы рет бес жыл бұрын сөйлескен екенбіз. Содан бері оның сүйіп тыңдайтын қазақ әншілері қатары ұлғайыпты. «Жігіттердің» «Балқадишасына» өлердей ғашық. Еркіннің топтан кеткені әжейге қатты батыпты. Айдар Байжановты сұрайды, «үйленіп еді ғой, кішкентайлы болмап па?» деп қояды. Гауһар Әлімбекованың жан-жақты екеніне таңданысын жасырмайды. «Күйеуге тимеді ме өзі?» деп шын алаңдаушылығын білдіреді. «Киркоров соңғы кезде шашын мың құбылтады, ұнамай кетті. Орыс эстрадасынан Басковты тыңдаймын», – дейді әжей.
Бәрін айт та бірін айт, айналып келіп, «Нұр-Мұқасанды» жырлаудан шаршамайтынын тағы байқатты. «Жұлдыздар отбасынан» Мұқасанның неше баласы барын, қандай қызықты жайттарға тап болғанын, т.б қызықтарын көршісіне оқытып, аудартып алыпты.
Санаулы күн бұрын Анна апай қоңырау шалды. «Не болып қалды» десек, «Ақтөбеге «Нұр-Мұқасан» келе жатқан секілді. Теледидардан көріп қалдым», – деп жан ұшырып отыр. «Шынымды айтсам, олар келеді дегенді ести қоймадым, мүмкін қателескен шығарсыз», – десек, «онда тек ұмытып кетпеші, «Нұр-Мұқасаннан» хабар болса, маған жеткізші», – деп қош айтысты.

Марат ТӨЛЕПБЕРГЕН
Ақтөбе облысы
«Халық сөзі», №60, 02-08-2011

ӨЛГЕНДЕРДІҢ ҚҰПИЯСЫ ӨЗДЕРІМЕН БІРГЕ КЕТТІ

Коммент өшірілген on ӨЛГЕНДЕРДІҢ ҚҰПИЯСЫ ӨЗДЕРІМЕН БІРГЕ КЕТТІ

Жұма күні Ақтөбедегі Қарғалы өзені үстінен өтетін көпір арқылы кенеттен жол қозғалысы тоқтатылды. Әрлі-берлі қатынап жатқан көлік жүргізушілері бір сағаттың шамасында түсініксіз жағдайда күтіп тұруға мәжбүр болды. Аталған жол тығынына тап болған танысымыздың сөзіне қарағанда, көпір маңында әскерилер қаптап кеткен. Атыс дауысы естіліпті. БТР-лер көрінген. Тұрғындар арасындағы әңгіме адам ойын сан-саққа жүгіртеді.
Бірер сағаттан соң, облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі елді дүрліктірген кезекті жайтқа қатысты өз түсініктемесін берді. Қысқасы, осыдан сәл ертерек (10 шілдеде) болған кісі өліміне қатысты жедел ақпарат бойынша полицейлер саяжайларда іздестіру жұмыстарын жүргізген. «Жаңажол» саяжай массивіндегі құрылысы аяқтала қоймаған үйге бас сұғуға бет алғанда, өзін «үй иесімін» деп таныстырған әйел полицейді үйге шақырған. Тәртіп сақшысы табалдырықтан аттағанда, үйдің ішінен атыс даусы шығып, жарылыс жаңғырығы және естіледі.
Оқиға орнынан бір ер азаматтың денесі табылады, тағы біреуі жараланған. Екеуінің де жеке бастары анықталмады. Сондай-ақ 28 жастағы полицей Рүстем Кенжалин де аталған саяжайдағы үйде жан тапсырады. Бұл жайт бойынша ішкі істер органы ҚР Қылмыстық кодексінің «кісі өлтіру» бабы бойынша іс қозғап та үлгерді. Полицейлердің сендіруінше, оқиға орнынан оқ-дәрі табылыпты. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Араға бір күн салып, жараланған жігіт те аурухана төсегінде көз жұмады. Оның жеке басы сол күйі анықталмаған. Ал жексенбі күні полицей Рүстем Кенжалиннің денесі жер қойнына тапсырылды. Білетіндердің айтуынша, оның келіншегі тамыз айында дүниеге нәресте әкелуі керек екен.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір апта бұрын (шілде айының 25-ші жұлдызы) қаладағы жанармай құю бекеттерінің бірінде атыс болып, сол маңдағы көп қабатты үйдегі пәтерлердің бірінде жас жігітті тәртіп сақшылары оққа ұшырған-ды.
Ресми хабарламаға сүйенсек, тәртіп сақшылары 10 шілдеде болған кісі өліміне қатысты күдіктілерді ұстамақ болыпты. Үшеуін тірілей ұстаса, төртіншісі – Тимур Оразбековты өлтіріп алды. 24 жастағы қаршадай жігітті ұстау да, полицейлердің айтуынша, оңайға соқпағанға ұқсайды.
Көпқабатты үйдегі тұрғындарды шырт ұйқыда жатқан жерінен оятып алып, үйде газдың жарылуы мүмкіндігін айтып сыртқа шығарады. Іште адам қалмады-ау дегенде атыс басталып, төртінші күдікті атылады.
Кешегі көпір маңындағы атыс-жарылысты да тәртіп сақшылары 10 шілдеде болған кісі өлімімен байланыстырады. Жалпы, сұрақ көп. Қарапайым халық та бұл оқиғалардың қандай да бір құпиясы барын айтып, өзара күбірлесіп қояды. Талай құпияны өлген жігіттер өздерімен бірге әкетіп жатқан сыңайлы.

Марат ТӨЛЕПБЕРГЕН,
Ақтөбе облысы
«Халық сөзі», №101, 2-08-2011

Кеңқияқта полицейлер мен «сақалдылар» атысып жатыр

Коммент өшірілген on Кеңқияқта полицейлер мен «сақалдылар» атысып жатыр

Кеңқияқта полицейлер мен «сақалдылар» атысып жатыр
коллаж

Темiр ауданының Кеңқияқ пен Шұбарши ауылдары өткен жүмадан берi әскери соғыс алаңына ұқсайды. Қазiр Кеңкияқтың жанындағы шағын Қостан орманын Алматыдан шақыртылған арнайы жасақ қоршап тұр. Орманда Шұбаршидың «сақалдылары» бекiнiп алған. Шабуыл жасалған жағдайда олар осы маңнан өтетiн Жаңажол-Кеңкияқ газ құбырын жарамыз деп талап қойды. Орманда қанша сақалдының бекiнгенi белгiсiз, бiрақ ашық алаңқайда он шақтысының өлген денесi жатыр. Орманға қарай қашқан бұларды әскерилер тiкұшақтан атып түсiрген. Осылайша үш күннен берi жергiлiктi ваххабиттер мен полицейлер арасындағы қақтығыс толастар емес.
Оқиға былай басталды: өткен бейсенбiден жұмаға караған түнi кезекшiлiкте отырған жергiлiктi полицейлердi бiр топ сақалды қуып жүрiп атқылайды. Геологтар көшесiндегi туыс­қанының үйiне тығылмақ болып, қаша жүрiп атысқан екi полицей оққа ұшты. Iле-шала Ақтөбеден «Арлан» арнайы жасағы келiп атысқанда сақалдылар ауыл шетiндегi қамысқа тығылғанға ұқсайды. Қамыс өртелген кезде, арасынан «Арлан» қызметкерiнiң денесi табылды. Сөйтiп, бiр күннiң iшiнде 3 полицей оққа ұшты. Жексенбi күнi Ақтөбедегi жедел жәрдем ауруханасына тағы да жаралы үш полицей жеткiзiлгенiн облыстық iшкi iстер департаментiнiң баспасөз қызметi хабарлады.
Бұрынғы Саркөл, қазiргi Шұбарши ауылының «сақалдыларының» денi — 23-25 жастағы жұмыссыздар, көбi бұрынғы колледж студенттерi. Бұлардың ауылдың полицейлерiн атып тастап, жанжалды қасақана тұтандырғаны басы ашық. Ендiгi жерде осы «соғыстың» сценарийiн жасағандардың аты-жөндерi анықталды. Ағайынды Мәмбетовтердiң қолынан шыққан қанды iс дейдi ауылдың адамдары. IIД iздеу жариялаған 6 адамның аты-жөндерi анықталды.
Бұлар — 1984 және 1988 жылы туған Мәмбетов Тоқтарбек пен Ақылбек, 1989 жылы туған Бектемiр Оразов, 1988 жылы туған Мирас Қаражанов, 1988 жылғы Айбек Жұмағазин, 1958 жылғы Қуаныш Әлiмбетов.

Мәмбетов Т.
Мәмбетов А
Жұмағазин А
Әлiмбетов К
Қаражанов М
Оразов Б.
Бiрақ бұлар облыс шекарасынан кетiп қалғанға ұқсайды. Себебi IIД көршi Қызылорда, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыс тұрғындарына осы қылмыскер­лердi көрген-бiлгендерiн хабарлауын сұрап жатыр. Қазiр барлық жерде 6 қылмыскердiң суреттерi iлiндi. Тiптi сенiмдi ақпарат бергендерге 100 мың АҚШ доллары көлемiнде сыйақы да жарияланды. Сонда орманға тығылған жанкештiлер алтауын қашырып жiберiп, өздерi уақыт ұтып отырған болуы керек. Не де болса, бұл — мұқият ұйымдастырылған қанды әрекет. Қазiрде Темiр ауданына баратын барлық автокөлiк жолдарында тексеру қатаң. Тiптi облыстың барлық жолдарында қарулы күзет тұр. Бiрақ сақалды жанкештiлер қашқанда, көлiк жолдарының бойымен қашпайды, елсiз­бен, адам аяғы сирек басатын құмды даламен бой тасалайтыны белгiлi. Не де болса, шетел асып кетудi жоспарлайды. Темiр ауданының аржағы Атырау, Маңғыстаудың шөлдi даласы, әрi қарай Иран тиiп тұр.
Осы кезге дейiн мұсылмандардың дiни басқармасын мойындамай, осында жiберiлген имамдарды түрлi әрекеттермен қорқытып-үркiтiп сыйдырмай жiберетiн де, өздерi Мысырдан имам шақыруды талап ететiн. Қазiр қытай компаниясы мұнай өндiрiп жатқан Кеңқияқтағы әлеуметтiк жағдайдың асқынуы сол 90-жылдардың соңынан басталды. Қазiр вахаббиттердiң ұясына айналған бұрынғы Саркөл, қазiргi Шұбарши елдiмекенi Кеңқияқтан 3-4 шақырым. Саркөл — бұрынғы «Ақтөбемұнайгаз» геологтарының ауылы. Кеңес өкiметiнде геологиялық барлау жұмыстарына ерекше мән беретiн едi, қытайлар алған соң кәсiпорынның геологиялық басқармасы таратылды да, адамдары тентiреп кеттi. Саркөлдiң бағы осы кезден тайды. Жұмыссыз жұрттың күнкөрiсi қиындады. Елдi маргиналды көңiл-күй басты. Ендi ваххабит болып полицейлермен атысып жатқандар – сол бұрынғы геологтардың балалары. Ақтөбедегi жанкештiлердiң денi — 23-25 жастағылар. 1986-87 жылдары дүниеге келiп, 1992-93 жылдары мектеп табалдырығын аттағандар. Әлеуметтiк жағдай асқынып, жұмыссыздық күшейiп, ата-ананың сағы сынып тұрғанда мектепке барғандар. Осы мәселенi назарда ұстаған жөн. Әрi ваххабит болып жүргендердiң денi Ақтөбе колледждерiн тәмамдап, жұмыссыз жүрген жастар екенiн де ұмытпау керек.
Бiз алдыңғы мақалаларымызда Ақтөбенiң мұнайлы аудандарының елдiмекендерiнде экстремистiк топтардың күшейiп жатқанын талай жазғанбыз. Атырау мен Маңғыстау облыстарында да жағдай жетiсiп тұрған жоқ. 4 мың адам тұратын шағын Шұбаршидiң бiрiн-бiрi танитын жастары ваххабит пен полицей болып атысып жатқанынан артық қандай сұмдық болуы керек? Қазақты жiк-жiкке бөлудi жоспарлағандар осылайша мақсаттарын жүзеге асыруға кiрiстi. Ендi не iстеу керек? Ақтөбе облысының тұрғындары байыпты, анау-мынауға ере бермейтiн, әсiреқызылға әуес емес. Елдiң iргесi осылай қалыптасқан. Ендi не болды? Қазақтың бiрiн-бiрiн өлтiруi деген не сұмдық? Жазықсыз оққа ұшқан 30 және 39 жастағы ауыл полицейлерiнiң жазығы неде? Осыдан кейiн де Ақордадан әдемi сөйлеп, “бiзде тұрақтылық орныққан, тамаша” деп елдi қашанғы алдап отыра бермекпiз. Бiрiн-бiрi ата берсе, бұл қырғын басқа облыстарға да таралып, жалғасып кетiп жүрмей ме? Не iстеу керек? Дiни басқарманы мойындамайтын, құқық қорғаушыларға оқ атуды жұмаққа барудың жолы деп санайтын топтың жолын қалай кесу керек? Әлде елдiң тыныштығын бұзу жоспарланған үлкен жобаның бiр тармағы ма бұл?

Баян СӘРСЕМБИНА,
Ақтөбе
http://www.zhasalash.kz/olke/4929.html?lang=kz

Older Entries