Бар ауылда солай ма, әлде бізде ғана сөйте ме, әйтеуір ауылға барғанда көретінім, екі-үш еркектің басы қосыла қалса, біреулерді сыртынан мысқылдап, мазақтап отырғандары. «Қарап отырғанша ағайынды жамандайық» дейтіндердің дәл өзі. Біреудің отырғаны – опақ, тұрғаны – сопақ. Өзгенің табысын санап, малын есептеп, оны қалай тапқанын, не ішіп, не жеп қойғанын, онысы кімнің арқасында екенін жіпке тізіп, шотқа салып әуре. More