Біз неге жасықпыз?!

6 пікір

Бүгінде не шықса да оқытушыдан шығатын заман болды. Студенттерінен ашық түрде ақша жинайтын да оқытушы. Тіпті, перзентханадан сәби ұрлайтын да мұғалім болды. Ал таяуда Атырауда тұратын жолдас баламның шаққан мұңы педагогтардан көресіні көрсетіп жатқанын одан сайын дәлелдей түскен сыңайлы.

More

«Агент-лаңкестің» ағынан жарылуы

3 пікір

Ақтөбедегі оқу орындарының бірінің студенті агентте күні бойы, кейде тіпті түнделетіп отыратындармен күресу керек деп тапты.

Ол үшін студент агентте отырған таныстарына көлемі бірнеше бет болатын мәтінді жібере салады. Мәтінде әріптер жиынтығы, не кез келген тыныс белгілері болуы мүмкін. Нәтижесі көп күттірмейді.

More

«Аты заты сай қала – Қандыағаш, сай емесі – Алға»

Пікір қалдыру

Қанды қала (құдай сақтасын»), Қандоград, Қандагар, Қанды… ағаш! Небір қанды оқиғалар осында болады. Төбелес те, адам өлімі, зорлау, қыру-жою… Шалқардың шатақтары «қанды қала» мәртебесін Қандыағашқа бере салғанға ұқсайды.

More

«Сен кімге керексің?!»

3 пікір

Ақтөбеде жеті жасар баланы қылғындырып өлтіріп, қоқыс арасына қалдырып кеткен. «Жетінші арнадағы» әріптесіміз екеуміз полицияның құрғақ «сводкасына» сүйене отырып, Шанхай ауданындағы мектептердің тізімін жасадық, содан бір мектеп директоры, «арамызда қалсын» деген шартпен, байғұс баланың қай мектепте оқитынын айтып берді. Білім беру мекемесіне кіре бергеніміз сол, «ол бала бізде оқыды, бірақ оқиғаның мектепке еш қатысы жоқ» деп мұғалімдер өздерінен өздері «үркіп» жүр. Байқаймыз, мектеп өзінің абыройын ойлап отырған сияқты.

More

Алматылық жас әншілер бізді бақталас көреді

3 пікір

Қайнар Жекей, «Нұрай» тобының орындаушысы:

Алматылық жас әншілер бізді бақталас көреді

Осыдан 4-5 жыл бұрын Ақтөбеде 100-ден астам түрлі бағыттағы топтар құрыла бастады. Бағыттары да сан қилы. Айына қаламызда екі-үш концерт өтетін. Жас орындаушылар арасында шынайы бәсекелестік туындап, Ақтөбе эстрадасының болашағынан көп үміт күттірді. Алайда… осыншама топ қалай құрылды, солай тарап үлгерді.

More

Құпиясы көп кәрі құрлық…

3 пікір

Еуропа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы жанындағы Демократия және адам құқықтары бюросы өткізген кезекті семинар сот жуйесі мен сот әділдігін атқаруға арналды. Оған ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы Қазақстанның атынан барған делегация қатарына бізге де енудің сәті түскен-ді. Сапар барысында көрген-білген, көзіміз шалған жайттармен бөліскіміз келген.
Әуежай жерге жақындағаннан-ақ мұнда тәулік бойы жауынның толастамай тұрғанын аңғару қиын болмады. Мамыр айы болса да қоңыр салқын күн райы кәрі құрлықты қызықтауға кедергі бола алмады.

More

«Қаусаған қара шалмен санасар кім?!»

2 пікір

Бүкіл саналы ғұмырын бел жазбай еңбек етіп, өзіне ғана нәпақа таппай, елдің іргесінің бекуіне де, елеулі үлес қосып жүрген азаматтар аз емес. Бірақ бұрынғы Кеңестік жүйедегі «Өкімет өлтірмейді» деген қағида қазір жүрмейді.

Тіпті бүгінгі бейнетінің зейнетін көрем десе де, қазірден қамдануына тура келеді. Бүгінде елдегі ер-азаматтардың орташа өмір сүру жасы зейнеткерлік жасымен тұспа-тұс келеді екен. Бала тәрбиелейді. Немере сүйеді. 63 жасқа жетіп, бала-шағасының қызығын енді көремін деп отырғанда, талқаны таусылатын уақыт та таяп қалады…

Сапарбаевқа сенім артылып еді…

More

Ақтөбелік Гүлжан Лондонда танылды

3 пікір

«Аргументы и факты. Башкортостан» басылымында Уфадан шыққан әнші Земфираның «Искала» әнін британдық Universal You тобының орындап жүргені туралы материал жарық көрді. Іле-шала ресейлік басылымдар ондағы әнші қызды «ұрлықшы» етіп көрсетуден тайынбады. Рок-әнші Земфираның танымал әнін әріптестеріміздің (ресейлік тілшілердің – ред.) байбаламына сенсек, қазақстандық, оның ішінде, ақтөбелік ару «еншілепті».

More

Ауылдағы әзиз аналар

2 пікір

…Босамай ерні күбірден,
Құдайға құлша жүгінген.
Береке іздеп бүгіннен,
Ертеңге ессіз үңілген.
Тағдырдан көріп тауқымет,
Табаны тасқа тілінген,
Жүдеген жүзі жан көрсе,
Жүрегін ала жүгірген –
Анаңнан асыл бар ма екен?!
Исраил Сапарбай

More

Баласының ізінен анасы кетті, о дүниеге…

Пікір қалдыру

Құрбан айт уақыты болатын. Темекі тартатын орынға бола сөзге келіп қалған Алға қаласының жас жігіттері бір-біріне қол жұмсап, арты біреуінің өлуімен тынды. Таяуда сот үкімі шықты.

More

Жетімді де көре алмадық

Пікір қалдыру

Ол лауазымды қызметтер атқарды. Әкім көмекшісі де болды. Жергілікті атқару органы аппаратында да қызмет етті. Рас, аға-көкесі болса, кім ондай лауазымда болмас дерсіз… Жо, олай ойласаңыз қателесесіз. Нұрбек кішкентайынан өзі секілді тұлдыр жетімдердің арасында өсті.

More

Қазақстандық фототілші берлиндіктердің мәселесін шешіп берді

2 пікір

Іскерлік тәжірибеден өтуге Германияға барған ақтөбелік делегаттардың бірі Берлин қаласының қоғамдық көлік мәселесін шешіп берді. Бизнеспен қатар әуесқой суретке түсіруді серік еткен Асқар Сәдуақасовтың түсірілімдерінен соң, Германия астанасының басшылығы жарамсыз 144 автобусты алмастыру керек деп шешкен.

More