Киіз – ұлттық бренд бола ала ма?

Пікір қалдыру

Киіз атаулының қазіргі таңда қолданыстан «ауылы алыстап» бара жатқаны жасырын емес. Киіздің құдіреті сол оған хандарды ораған. Қазаққа баспана болған қара киіздің қадірін, әсіресе қала қазақтары да түсінер емес. Жарқын болашақта Ақтөбеде қой жүні өндірісі жемісін бере бастауы мүмкін.

More

«Сен кімге керексің?!»

3 пікір

Ақтөбеде жеті жасар баланы қылғындырып өлтіріп, қоқыс арасына қалдырып кеткен. «Жетінші арнадағы» әріптесіміз екеуміз полицияның құрғақ «сводкасына» сүйене отырып, Шанхай ауданындағы мектептердің тізімін жасадық, содан бір мектеп директоры, «арамызда қалсын» деген шартпен, байғұс баланың қай мектепте оқитынын айтып берді. Білім беру мекемесіне кіре бергеніміз сол, «ол бала бізде оқыды, бірақ оқиғаның мектепке еш қатысы жоқ» деп мұғалімдер өздерінен өздері «үркіп» жүр. Байқаймыз, мектеп өзінің абыройын ойлап отырған сияқты.

More

Құпиясы көп кәрі құрлық…

3 пікір

Еуропа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы жанындағы Демократия және адам құқықтары бюросы өткізген кезекті семинар сот жуйесі мен сот әділдігін атқаруға арналды. Оған ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы Қазақстанның атынан барған делегация қатарына бізге де енудің сәті түскен-ді. Сапар барысында көрген-білген, көзіміз шалған жайттармен бөліскіміз келген.
Әуежай жерге жақындағаннан-ақ мұнда тәулік бойы жауынның толастамай тұрғанын аңғару қиын болмады. Мамыр айы болса да қоңыр салқын күн райы кәрі құрлықты қызықтауға кедергі бола алмады.

More

«Қаусаған қара шалмен санасар кім?!»

2 пікір

Бүкіл саналы ғұмырын бел жазбай еңбек етіп, өзіне ғана нәпақа таппай, елдің іргесінің бекуіне де, елеулі үлес қосып жүрген азаматтар аз емес. Бірақ бұрынғы Кеңестік жүйедегі «Өкімет өлтірмейді» деген қағида қазір жүрмейді.

Тіпті бүгінгі бейнетінің зейнетін көрем десе де, қазірден қамдануына тура келеді. Бүгінде елдегі ер-азаматтардың орташа өмір сүру жасы зейнеткерлік жасымен тұспа-тұс келеді екен. Бала тәрбиелейді. Немере сүйеді. 63 жасқа жетіп, бала-шағасының қызығын енді көремін деп отырғанда, талқаны таусылатын уақыт та таяп қалады…

Сапарбаевқа сенім артылып еді…

More

Ақтөбелік Гүлжан Лондонда танылды

3 пікір

«Аргументы и факты. Башкортостан» басылымында Уфадан шыққан әнші Земфираның «Искала» әнін британдық Universal You тобының орындап жүргені туралы материал жарық көрді. Іле-шала ресейлік басылымдар ондағы әнші қызды «ұрлықшы» етіп көрсетуден тайынбады. Рок-әнші Земфираның танымал әнін әріптестеріміздің (ресейлік тілшілердің – ред.) байбаламына сенсек, қазақстандық, оның ішінде, ақтөбелік ару «еншілепті».

More

Ауылдағы әзиз аналар

2 пікір

…Босамай ерні күбірден,
Құдайға құлша жүгінген.
Береке іздеп бүгіннен,
Ертеңге ессіз үңілген.
Тағдырдан көріп тауқымет,
Табаны тасқа тілінген,
Жүдеген жүзі жан көрсе,
Жүрегін ала жүгірген –
Анаңнан асыл бар ма екен?!
Исраил Сапарбай

More

Баласының ізінен анасы кетті, о дүниеге…

Пікір қалдыру

Құрбан айт уақыты болатын. Темекі тартатын орынға бола сөзге келіп қалған Алға қаласының жас жігіттері бір-біріне қол жұмсап, арты біреуінің өлуімен тынды. Таяуда сот үкімі шықты.

More

Жетімді де көре алмадық

Пікір қалдыру

Ол лауазымды қызметтер атқарды. Әкім көмекшісі де болды. Жергілікті атқару органы аппаратында да қызмет етті. Рас, аға-көкесі болса, кім ондай лауазымда болмас дерсіз… Жо, олай ойласаңыз қателесесіз. Нұрбек кішкентайынан өзі секілді тұлдыр жетімдердің арасында өсті.

More

Эротиканың етегімен порнографияны жаба алмайсыз

Пікір қалдыру

Бүгінде кішінің де, үлкеннің де телміретіні теледидар болғандықтан, кейде, жасыратыны жоқ, баланың ата-анадан, ата-анасының баласынан қысылатын кездері жиі болып тұрады. Кей отбасыларда экраннан сүйісу, аймаласу, не одан да зор анайылау көріністер болғанда, баласына «көзіңді жұм, қарамай тұра тұр» деген сынды «тыйымсымақтарды» салып жататыны бар.

More