Елінің ертеңіне елеңдейтін ер еді…

1 пікір

Көзі тірі болғанда, асыл досымыз, әріптесіміз Руслан Бөлебай 16 мамыр күні 25 жасқа толар еді. Тағдырға не шара… Бізді жұбататыны – Руслан қысқа өмір сүрсе де, журналистика мен өнерде талай биіктерді бағындырып кетті. Көрермен жадында мәңгі сақталған сол бір ақкөңіл де талантты тележүргізуші, журналистің еңбегі әлі де өз бағасын алуы тиіс деп ойлаймыз. Біз бүгін Русланмен бір курста оқып, жақын досы болған белгілі жас журналист Жігер Сәрсеновтiң естелігін ұсынып отырмыз.
Руслан Бөлебай

Жаңашылдыққа жаны бейім қария

Пікір қалдыру

Көпшілікке өзінің жаңалықтарымен танымал Сұлтанбек Тәшенұлы таяу күндері Әділет министрлігі жанындағы интеллектуалдық меншік жөніндегі комитетке шопан таяғына патент рәсімдету жөнінде ұсынысын жолдады.

More

Қоқыстағы соңғы қыс

Пікір қалдыру

Ақтөбе қаласы маңында ескі қоқыс полигонында 17 отбасы өмір сүріп жатыр. Әр отбасында шамамен үш-жеті жан бар. Бір ескерерлігі, олардың барлығы – қазақ отбасылары. Несиеге аузы ұрылған ақтөбелік азаматша да таяу уақыттан бері осы қоқыс алаңында өмір сүруге мәжбүр.

More

Құдайға құлшылық қылу да қорқынышты болып барады

Пікір қалдыру

Әдетте мінберлерде «өңірімізде діни ахуал тұрақты» дегенге саятын мәлімдемелерді жиі естиміз. Тіпті әкімқаралар мен құзырлы орындардың ресми басқосуларында да осыған ұқсас стандарт жауаптар алып жатамыз. «Барлығы ойдағыдай, барлығы керемет». Алайда атам қазақ «ауруын жасырғанның өлетінін» айтып кетті емес пе?! Жасыра-жасыра, дертімізді асқындырып алмадық па дейміз кейде!


Ақтөбе соты тағы да үш адамды «лаңкестік» бабымен бас бостандығынан айырды. Аттай алты жігіт ағасына «лаңкестік әрекетке дайындалды» деген айыптың тағылып, абақтыға қамалғаны таяуда ғана еді, енді, міне, олардың тағы үш ізбасарына кісен салынды.

More

Ақтөбеге жауынгер денесі жеткізілді

Пікір қалдыру

Сенбі күні ұшақпен Ақтөбеге Алматыдан «№200-ші жүк» жеткізілді. 20 жастағы жауынгердің денесін ағайындары әуежайдан автобуспен оның туған жері Комсомол ауылына әкетті. Ал жексенбі күні жауынгер Азамат Оразбаевтың денесі жер қойнауына табысталды.

More

Баласының ізінен анасы кетті, о дүниеге…

Пікір қалдыру

Құрбан айт уақыты болатын. Темекі тартатын орынға бола сөзге келіп қалған Алға қаласының жас жігіттері бір-біріне қол жұмсап, арты біреуінің өлуімен тынды. Таяуда сот үкімі шықты.

More

Пікір қалдыру

..

Жетімді де көре алмадық

Пікір қалдыру

Ол лауазымды қызметтер атқарды. Әкім көмекшісі де болды. Жергілікті атқару органы аппаратында да қызмет етті. Рас, аға-көкесі болса, кім ондай лауазымда болмас дерсіз… Жо, олай ойласаңыз қателесесіз. Нұрбек кішкентайынан өзі секілді тұлдыр жетімдердің арасында өсті.

More

АҚТӨБЕЛІК ГҮЛЖАН ЛОНДОНДА ТАНЫЛДЫ

Пікір қалдыру

«Аргументы и факты. Башкортостан» басылымында Уфадан шыққан әнші Земфираның «Искала» әнін британдық «Universal You» тобының орындап жүргені туралы материал жарық көрді. Іле-шала ресейлік басылымдар ондағы әнші қызды «ұрлықшы» етіп көрсетуден тайынбады. Рок-әнші Земфираның танымал әнін, әріптестеріміздің (ресейлік тілшілердің – ред.) байбаламына сенсек, қазақстандық, оның ішінде, ақтөбелік ару «еншілепті».

Бұл ару кім? Британияда қайдан жүр? Тұманды елдің сахнасында қалай танылған? Бізді қызықтырған басты сауал – Ақтөбеден шыққан әнші ару Гүлжан Ыбыраеваны неге «ұрлықшыға» телиді?

More

Биылғы сүндет той ерекше болды

Пікір қалдыру

Салынғанына бір жыл тола қоймаған Ақтөбедегі «Нұр-Ғасыр» мешітінде өткен демалыс күні нағыз сүндет той лебі сезілді.

More

Қазақстандық фототілші берлиндіктердің мәселесін шешіп берді

2 пікір

Іскерлік тәжірибеден өтуге Германияға барған ақтөбелік делегаттардың бірі Берлин қаласының қоғамдық көлік мәселесін шешіп берді. Бизнеспен қатар әуесқой суретке түсіруді серік еткен Асқар Сәдуақасовтың түсірілімдерінен соң, Германия астанасының басшылығы жарамсыз 144 автобусты алмастыру керек деп шешкен.

More

Шәмші көшесінде Шри Чинмой әуені ойнайды

Пікір қалдыру

Барлығы Шәмшінің көшесіндегі (бұрынғы Скулкин көшесі – ред.) дәмханалардың бірінен басталды. More

«Мінбер» сөз алды

Пікір қалдыру

Ғаламторда белгілі журналист Есенгүл Кәпқызының жетекшілігімен «Мінбер» (www.minber.kz) атты жаңа интернет-басылым пайда болды. Санаулы күн бұрын тіркеуден өткен сайт редакторының алға қойған жоспары көп.

More

Эротиканың етегімен порнографияны жаба алмайсыз

Пікір қалдыру

Бүгінде кішінің де, үлкеннің де телміретіні теледидар болғандықтан, кейде, жасыратыны жоқ, баланың ата-анадан, ата-анасының баласынан қысылатын кездері жиі болып тұрады. Кей отбасыларда экраннан сүйісу, аймаласу, не одан да зор анайылау көріністер болғанда, баласына «көзіңді жұм, қарамай тұра тұр» деген сынды «тыйымсымақтарды» салып жататыны бар.

More

Жас тілші Кавказ-Ресей «қақтығысының» құрбанына айналды

10 пікір

ЖАна жыл мерекесимен!!!n style=»font-family:Times New Roman;»>

Ақтөбелік жас тілшінің аяқасты біздің елдің тұрғындары үшін кіруге тыйым салынған «Кавказ орталығының» (www.kavkazcenter.com) «тілшісі» болып шыға келмесі бар ма?! Осылайша, 22 жастағы Абат Нағыметов Кавказ бен Ресей арасындағы ақпараттық соғыстың құрбанына айналып отыр.

More

Шеше «суйгиш» шалкарлыктар!

4 пікір

Жумыс сапармен жума, сенби кундери Шалкарда болдым. «Эхх Шалкар есть Шалкар» депти базбиреу. Солайы солай шыгар. Карангыда жалгыз журип тауекелге бардым. «Елена» конакуйине аялдаган едим. Анау-мынау алайын деп дукенге кирсем, кенес дауириндегидей адам толып тур екен. Кезекте турган жигиттердин бири биресе «Клинское» бер деди, биресе «Кулер» ишем деди. Ызага булыккан орта жастагы сатушы айел «шешенди буйтейин», тез айт деп салды. Маскара?!

Кошеде жалгыз келем. Бир шаныракта 3-4 иттен бар-ау деймин. Иттердин уриси осал емес. Ол аздай, кошеде жигит агалары акырып жур. Тура магынасында айтып отырмын. Ойтип зоопрактеги андар да акырмайтын шыгар. 

Ертемен вокзалга «Батыс» пойызына жетуим керек болды. Кайдан келе койдым бул Шалкарга деп кара жаяу «ушып» келемин. Жеттим ау вокзалга да. Казыр аягым пойызга илинсе, уфф деп демимди басам деп коям. Сойтсем, концерт али битпеген екен. Вокзалда 50-дин о жак бу жагындагы агай удай мас, улкен кисилердин барлыгына тиисип жур. «Сен кимсин, ким болсан да мени буйтпейди, шешенди сойтейин»… Кыскасы… Шалкарлыктар шешени катты суйе алады екен.

Осыны Актобеде кызметтеги бир шалкарлык аруга айтсам, маз болады. «Биздин мактанышымыз гой» дейди ол.

СҮЙРЕҢДЕГЕН СҮЙІР ТІЛ…

1 пікір

Бар ауылда солай ма, әлде бізде ғана сөйте ме, әйтеуір ауылға барғанда көретінім, екі-үш еркектің басы қосыла қалса, біреулерді сыртынан мысқылдап, мазақтап отырғандары. «Қарап отырғанша ағайынды жамандайық» дейтіндердің дәл өзі. Біреудің отырғаны – опақ, тұрғаны – сопақ. Өзгенің табысын санап, малын есептеп, оны қалай тапқанын, не ішіп, не жеп қойғанын, онысы кімнің арқасында екенін жіпке тізіп, шотқа салып әуре. More

ЖОЛ АПАТЫ:::: НОКИН АМАН БОЛСЫН!

3 пікір

Сарсенби куни кезекшиликтен кеш шыкканбыз. Жолда бир колик аударылып жатыр. Жедел жардем колигине уксайды. Балким Газель де шыгар. Оны аударган облыстык ишки истер департаменти бастыгын автосы екен.

Баскасы баска, бирак облыстын бас полицайынын жагдайы туралы азирге ештене естилмейди.

Такуа рэкеттер

Пікір қалдыру

Бүгінде «рэкет» сөзі қолданыстан шығып бара жатқанға ұқсайды. Өткен ғасырдың соңғы он жылдығында белсенді жұмыс жасаған рэкеттер саны бүгінде некен-саяқ. Олардың қатарында көбіне атағы бар спортшылар болатын. Мұндай банда мүшелері арасында бүгінде дінге бет бұру тенденциясы байқалуда.

(Бұл туралы толығырақ «Жас қазақ» апталығының №32 санынан оқи аласыздар)

www.who.kz

Пікір қалдыру

www.who.kz

Шәмшінің көшесінде Шри Чинмойдің әуені естіледі

Пікір қалдыру

More

Эстрада әншілері оразаға дайындалып жатыр

2 пікір

Қасиетті ораза айы жақындап келеді. Жаратқанның алдында барлығымыз бірдейміз. Мейлің басшы, мейлің қосшы. Соңғы жылдары дін жолына мойынсұнып, мұсылмандық парызын өтеушілер қатары артып барады. Бұл жайт өнер адамдары, әсіресе, эстрада жұлдыздары арасында да байқалады.

More

«Коп балалы» аке

Пікір қалдыру

21 жастағы Рүстам Жаркеевтің 50 баласы бар. (материалдын толык нускасын салден соң орналастырамын)

5 кыркуйекте жана мешитте алгашкы Жума н-з окылады

1 пікір

Актобеде мешит курылысы аякталып келеди. Татарстандагы «Кул шериф» мешитинин улгиси бойынша салынып жаткан мешитте алгашкы жума намазы кыркуйек айынын 5-ші жулдызында окылады.

200 адам сундетке отыргызылды

Пікір қалдыру

Ақтөбеде 200 бала сүндетке отырғызылды. 35-40-тағы жігіт ағалары да (екі-үш кісі) сүндеттелді.
Түркиядан келген дәрігерлер тек бір күннің ішінде облыс орталығында 115 баланы сүндетке отырғызды. Араға бір күн салып, облыс орталығынан 40 шақырым жердегі Алға ауданында 80 баланы сүндеттеді. Барлығы 200-ге тарта ақтөбелік осылайша «нағыз мұсылман» атанып шыға келді.

http://www.aikyn.kz/site.php?lan=kaz&id=167&pub=20031

Older Entries Newer Entries