Ақтөбеге жаңа концерттік бағдарламамен «Нұр-Ай» тобы келе жатыр…

Пікір қалдыру

Қазақ газетін қайдан табамыз?..

1 пікір

Қазақ газеттерінің дүңгіршектерде аз, тіпті керек десеңіз, өте сирек кездесуі бұрыннан белгілі жайт, бүгін де ешкімге таңсық емес. Көп жағдайда айтылатын басты сылтау – сұраныстың төмендігі. Расында да, солай ма?!

More

Ғалия Әженованың кезекті жеңісі!

1 пікір

Шардара аудандық соты (ОҚО) «Шардара тынысы» газетінің бас редакторы Жұмабек Мұқановтың жұмыстан шығарылуын заңсыз деп тапты. Оған, айта кеткен жөн, «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қоры Ақпараттық даулар жөніндегі қоғамдық сараптама орталығының жетекшісі Ғалия Әженова құқықтық қолдау көрсетті.

More

Біз неге жасықпыз?!

6 пікір

Бүгінде не шықса да оқытушыдан шығатын заман болды. Студенттерінен ашық түрде ақша жинайтын да оқытушы. Тіпті, перзентханадан сәби ұрлайтын да мұғалім болды. Ал таяуда Атырауда тұратын жолдас баламның шаққан мұңы педагогтардан көресіні көрсетіп жатқанын одан сайын дәлелдей түскен сыңайлы.

More

3G Ақтөбеде

Пікір қалдыру

Сіз интернетке компьютерге қосылған мобильді телефон арқылы шыға аласыз. Интернетке шығудың екі әдісі бар: GPRS арқылы және GPRS-сіз (CSD арқылы).

More

«Агент-лаңкестің» ағынан жарылуы

3 пікір

Ақтөбедегі оқу орындарының бірінің студенті агентте күні бойы, кейде тіпті түнделетіп отыратындармен күресу керек деп тапты.

Ол үшін студент агентте отырған таныстарына көлемі бірнеше бет болатын мәтінді жібере салады. Мәтінде әріптер жиынтығы, не кез келген тыныс белгілері болуы мүмкін. Нәтижесі көп күттірмейді.

More

«Аты заты сай қала – Қандыағаш, сай емесі – Алға»

Пікір қалдыру

Қанды қала (құдай сақтасын»), Қандоград, Қандагар, Қанды… ағаш! Небір қанды оқиғалар осында болады. Төбелес те, адам өлімі, зорлау, қыру-жою… Шалқардың шатақтары «қанды қала» мәртебесін Қандыағашқа бере салғанға ұқсайды.

More

Қытай қазақтары ұлттық тағам – қазыны рекордтар кітабына енгізді.

Пікір қалдыру

kazprose.wordpress.com парағындағы жазбаға қарағанда, 23 қаңтар күні Шынжаңның Ғұлжа қаласында Мақтал, Рахат есімді қазақ азаматтары бастаған бес ағайынды жігіт ұзындығы 213,2 метр, салмағы 1256 келі болатын қазақтың қазысын жасап шыққан. Арнайы комиссия оған «Ең ұзын ұлттық дәмдегі қазы» деген арнаулы атақ тағайындапты.
kazprose.wordpress.com-ның еске салуынша, осыдан 4 жыл бұрын Үрімжі қаласының жігіттері 90 метрлік қазы жасап рекорд жасаған болатын.

«Әр ГАЗЕТ менің жалғызым»

2 пікір

Ақтөбе қаласында 3G қосылуға байланысты баспасөз мәслихатына біз де бардық. Елден ерекше болып, бірінші келіп отырып алыппын. Менен кейін «Керек.инфо» газетінің өкілі келді. Ұйымдастырушыларға «Ақтөбедегі жалғыз қазақтілді басылымбыз» деп таныстырды. Рас, «тәуелсіз жалғыз газетпіз» деп түзеп қойды. Санаулы минуттардан соң, «Ақтөбе» газетінен де әріптесіміз жетті. «Ақтөбедегі қазақ тілінде жазатын жалғыз газеттенмін» деген сарында өзін таныстырды. Абырой болғанда, қазақтілді «Айна-Ақтөбе», «Табын», «Арайлы Ақтөбе», «Нұрдәулет», «Ұстаз», «Шежіре», «Ықтияр» деген басылымдардан өкілдер келмеді. Әйтпегенде, төбелес болып кетер ме деп қорықтым. Бірақ қай-қайсысының да өз газетін дара, жалғыз санайтыны… көңілге медеу. Біздерде газеттеріне осылай беріліп, әрі онысын дара газет деп санайтындар бар… Әсте бір, «әр газет менің жалғызым» дегенге бергісіз…

«Алып құсым» болса деп армандаймын»

2 пікір

Жалпы, мен автокөліктерге әуес болмасам да, ұшақтарға қатты қызығамын. Тіпті дүкен сөрелерінде ойыншық ұшақ көрсем, балаша қызығып қарап, біразға дейін кете алмаймын. Таяуда, «Алтай» базарында да екі ойыншық ұшақты «бір күні сендерді сатып аламын» деп, «көздеп» кеттім. Шынымды айтсам, мен Боинг ұшағының макетіне қол жеткізе алмай жүрмін. Білуімше, Астана әуе жайында, кеңселердің бірінде сататын көрінеді. Астанаға әр барғанда «әне алам, міне алам» деп әлі жүрмін.

More

«Сен кімге керексің?!»

3 пікір

Ақтөбеде жеті жасар баланы қылғындырып өлтіріп, қоқыс арасына қалдырып кеткен. «Жетінші арнадағы» әріптесіміз екеуміз полицияның құрғақ «сводкасына» сүйене отырып, Шанхай ауданындағы мектептердің тізімін жасадық, содан бір мектеп директоры, «арамызда қалсын» деген шартпен, байғұс баланың қай мектепте оқитынын айтып берді. Білім беру мекемесіне кіре бергеніміз сол, «ол бала бізде оқыды, бірақ оқиғаның мектепке еш қатысы жоқ» деп мұғалімдер өздерінен өздері «үркіп» жүр. Байқаймыз, мектеп өзінің абыройын ойлап отырған сияқты.

More

Әнші Жанар Айжанованың сахнаға киетін киімдері облыстық мұражайға қойылуы мүмкін

2 пікір

Алдағы уақытта әнші, термеші, Ақтөбе облысының ғана емес, халқымыздың мақтанышы Жанар Айжанованың сахнаға киіп шыққан киімдері, әр кездері алған алғыс хаттары мен үнтаспалары облыстық тарихи-өлкетану музейінің алтын қорына өтуі мүмкін. Рас, өнер жұлдызының бір ғана талабы бар. Әнші қызымыз барлығы заңды түрде жүзеге асырылса деген ұсыныс айтады.

More

Жол сақшылары көлік апаттарын неге жасырады?

Пікір қалдыру

Ақтөбелік жол сақшыларының көлік апаттары санын жасырғылары бар. Мұны қадағалау органы өкілдері анықтар отыр. Полицейлер жол апатынан өліп кеткендердің санын азайтып көрсетуден тайынбаса керек.

More

Соғыстан оралмаған баласын күтіп Ана тұр…

4 пікір

Ырғыз ауданының Құмтоғай ауылында бой көтерген «Жесір Ана» ескерткіші осындай ойға жетелейді.

More

Бір тазалық жұмысына екі мәрте жалақы

1 пікір

Бүгінде Ақтөбеде қала тазалығына жауап беретін бірнеше арнайы мекеме жұмыс жасайды. Сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалар аясында мыңдаған студент пен мектеп жасындағы балалар тағы да тазалау жұмыстарына кірісіп кетті. Бұдан қала тазарды ма? Көкейдегі тағы бір сауал – қала тазалаушы орындар бір жалақы алады делік, жастарға мемлекет қазынанынан тағы еңбекақы өтейді. Бір жұмыс, екі мәрте жалақы. Әрине, «байдың етін байғыз қызғаныпты» демеңіз. Қаражат елдікі, мына сіз бен біздің салығымыздан түзілген қаржы. Сондықтан үкімет қоржынындағы тиын-тебеннің қайда, қалай жұмсалып жатқанынан біз де хабардар болуымыз керек емес пе?!

More

Көкжиденің мөлдір суын ішер күн бар ма?

Пікір қалдыру

Экологтардың байбаламына сенсек, Көкжиде суының мөлдір де тұнық күйі тұрғындарға бұйырмайтын түрі бар. Мәселе аз көтерілмеді. Оны «жыр етпегендер» кемде-кем. Бірақ, мөлдір су не мұнайды таңдайтын кез келді.

More

Алматылық жас әншілер бізді бақталас көреді

3 пікір

Қайнар Жекей, «Нұрай» тобының орындаушысы:

Алматылық жас әншілер бізді бақталас көреді

Осыдан 4-5 жыл бұрын Ақтөбеде 100-ден астам түрлі бағыттағы топтар құрыла бастады. Бағыттары да сан қилы. Айына қаламызда екі-үш концерт өтетін. Жас орындаушылар арасында шынайы бәсекелестік туындап, Ақтөбе эстрадасының болашағынан көп үміт күттірді. Алайда… осыншама топ қалай құрылды, солай тарап үлгерді.

More

Құпиясы көп кәрі құрлық…

3 пікір

Еуропа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы жанындағы Демократия және адам құқықтары бюросы өткізген кезекті семинар сот жуйесі мен сот әділдігін атқаруға арналды. Оған ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы Қазақстанның атынан барған делегация қатарына бізге де енудің сәті түскен-ді. Сапар барысында көрген-білген, көзіміз шалған жайттармен бөліскіміз келген.
Әуежай жерге жақындағаннан-ақ мұнда тәулік бойы жауынның толастамай тұрғанын аңғару қиын болмады. Мамыр айы болса да қоңыр салқын күн райы кәрі құрлықты қызықтауға кедергі бола алмады.

More

«Қаусаған қара шалмен санасар кім?!»

2 пікір

Бүкіл саналы ғұмырын бел жазбай еңбек етіп, өзіне ғана нәпақа таппай, елдің іргесінің бекуіне де, елеулі үлес қосып жүрген азаматтар аз емес. Бірақ бұрынғы Кеңестік жүйедегі «Өкімет өлтірмейді» деген қағида қазір жүрмейді.

Тіпті бүгінгі бейнетінің зейнетін көрем десе де, қазірден қамдануына тура келеді. Бүгінде елдегі ер-азаматтардың орташа өмір сүру жасы зейнеткерлік жасымен тұспа-тұс келеді екен. Бала тәрбиелейді. Немере сүйеді. 63 жасқа жетіп, бала-шағасының қызығын енді көремін деп отырғанда, талқаны таусылатын уақыт та таяп қалады…

Сапарбаевқа сенім артылып еді…

More

Ақтөбелік Гүлжан Лондонда танылды

3 пікір

«Аргументы и факты. Башкортостан» басылымында Уфадан шыққан әнші Земфираның «Искала» әнін британдық Universal You тобының орындап жүргені туралы материал жарық көрді. Іле-шала ресейлік басылымдар ондағы әнші қызды «ұрлықшы» етіп көрсетуден тайынбады. Рок-әнші Земфираның танымал әнін әріптестеріміздің (ресейлік тілшілердің – ред.) байбаламына сенсек, қазақстандық, оның ішінде, ақтөбелік ару «еншілепті».

More

Министрлер мен әкімдердің еңбекақылары

3 пікір

«Мегаполис» газетінің хабарлауынша, ҚР министрлерінің айлығы – 370 244 теңге;

ҚР министрлерінің бірінші орынбасарларының жалақысы – 283 202 теңге;

ҚР министрлерінің орынбасарларыныкі – 261 126 теңге;

ҚР Үкіметі құрамына кірмейтін төрағалардың еңбекақысы – 283 202 теңге;

Облыстық деңгейдегі қалалардың әкімдерінде  – 148 223 теңге;

Ауыл әкімдерінің айлық еңбекақысы –  – 55 820 теңге.

Атымды еуропаша өзгерттім

3 пікір

Балжан Наурызбаеваның Польшада тұрақ тапқанына да жиырма жылдың өрмегі ауыпты. Мектепте үздік оқыған ол жоғары оқу орнында да ерекше үлгерімімен көзге түсіп, арнайы жолдамамен Мәскеуге оқуға аттанады. Одан әрі Польша асады.

More

Діндар бауырымнан неге бездім?!

4 пікір

Байқаймын, соңғы кезде бейтаныс жандар менімен жиі амандасады. Әсте бір батыс мемлекеттерінің үрдісі бізге де жеткен бе деп қаламын. Рас, көбіне, қолын созып, жөн сұрасып кететіндердің дені – дін жолында жүрген бауырлар.

More

Ауылдағы әзиз аналар

2 пікір

…Босамай ерні күбірден,
Құдайға құлша жүгінген.
Береке іздеп бүгіннен,
Ертеңге ессіз үңілген.
Тағдырдан көріп тауқымет,
Табаны тасқа тілінген,
Жүдеген жүзі жан көрсе,
Жүрегін ала жүгірген –
Анаңнан асыл бар ма екен?!
Исраил Сапарбай

More

Корей «телекөбіктерінің» қыры мен сыры

4 пікір

Корей сериалдарын көріп отырып, тәбетім оянып кетеді. Кино кейіпкерлерінің сылпылдатып ішіп отырған тамағының дәмін татқым келетінін де жасырмаймын. Бұл не?! Ұлттық тағам түрлерін дәріптеуде корей «телекөбіктерінің» жеңісі мен жемісі ме екен?!

More

Older Entries Newer Entries