Семинардан көріністер

Коммент өшірілген on Семинардан көріністер

Коммент өшірілген on

Ақтөбеде аудан журналистеріне арналған семинар өтіп жатыр

Коммент өшірілген on Ақтөбеде аудан журналистеріне арналған семинар өтіп жатыр

Ақтөбеде аудандық басылымдардың журналистеріне арналған семинар өтіп жатыр. Алдымен ардагер журналистерге сөз берілген соң, Самал («Төртінші билік» бірлестігінің төрайымы) әріптесіміз қызықты тренингтер өткізді. Кезек «тяжеловес» әріптес апайымыз Баян Сәрсембинаға тиді. Баян апамыз кішкене кешігіңкіреп келді, біз оған түсіністікпен қараймыз. Өйткені, кішкентайы Алдияр анасын жібергісі келмеген шығар. Бір байқағаным, Баян апайдың қолында азық-түлік салған сөмкелері бар. Дүкенге де соғып келе жатқан секілді. Соған қарамастан, апайымыз аудандардан келген журналистерге өте кызықты мастер-класс көрсетті. Аудандық басылымдарды сынға алды. Жалғасы бар…

Жұмысшылар алаңдайды

Пікір қалдыру

Ақтөбе мұнайшылары осы аптада жергілікті әкімдік алдына жиналды. Бейбіт шеруге шыққандар қытайлық «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясына қарасты Мамандандырылған көлік басқармасының Қытай ұлттық көлік компаниясына өтуіне қарсылықтарын білдірді. Жергілікті жұмысшыларды еңбек жағдайы мен жалақы мөлшері де алаңдатады. Облыс басшысы Елеусін Сағындықовқа наз айтқан мұнайшылар қытайлық инвестордың саясатына да көңілдері толмайтынын жеткізді.

 

More

КӨКТЕ ҚҰДАЙ, ЖЕРДЕ МҰНАЙ, ОРТАСЫНДА?..

Пікір қалдыру

Басшылық тарапынан қысым көрген ақтөбелік мұнайшылар мен жүргізушілер мұңдарын облыс әкіміне шақты. Рас, әкімге кіру оңайға соқпады. Оларды тәртіп сақшылары тоқтатып әлек болды. Бастапқыда үш адам болып облыс басшысы Елеусін Сағындықовтың қабылдауына жазылған жұмысшылардың қарасы көбейе түсті. Осы маңда өтіп бара жатқан қалың жұрт, әкімдік алдында шерудің басталып кеткеніне сенімді еді.

Ақтөбе мұнайын сорып отырған Қытай алпауыты – «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамының былтырдан бергі арманы жұмысшыларын аспан асты еліндегі көлік компаниясына ауыстыру. Өткен жылы шу шығып кетіп, «СНПС» басшылығы бұл әрекетін тоқтатқан сыңай танытты. Бірақ араға айлар салып барып, қайта көтергісі келеді. Көтергені несі, Қытай ұлттық көлік (!) компаниясы Ақтөбе жерінде тамыр жая бастапты. Мұны қалың бұқара түгілі мұнайшылар мен жүргізушілердің өздері аңдамай қалғанға ұқсайды. Басшылық қара жұмысшыларды біртіндеп, жеке-дара шақырып, бір серіктестіктен екіншісіне ауысуға мәжбүрлеп жатса керек.

More