Табиғаты көз сүріндірер Нарат ауылы тұрғындарының пікірі екі арнаға айырылды да қалды. Осында ер жеткен Жеңіс есімді жас азаматтың ойы өз елді мекенін өзгелерге паш ету, осылайша саяхат мекенге айналдыру болатын. Ал өзге тарап – байырғы ауыл тұрғындарының пікірі тазалығы мұнтаздай, табиғаты көркем Наратты бүлдіріп алмау еді.

More