Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Эколог НС» салалық газетінің редакциясымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластырып, экологиялық проблемалар бойынша ең үздік жарияланымға конкурс жариялайды. Конкурсқа ғалымдар, сарапшылар, экологтар, қоғамдық ұйым өкілдері, журналистер қатыса алады.
Конкурстық міндеті «Жасыл Даму» салалық бағдарламасын, «Жасыл көпір» Астана бастамашылығын іске асыруды тездетуге бағытталған шараларды насихаттау, сондай-ақ қоршаған ортаға эмиссияларды төмендетуге, қатты қалдықтарды өңдеуге, парниктік газдар шығарындыларын азайтуға бағытталған шараларды әзірлеу және инновацияларды іске асыру болып табылады.
Конкурсты өткізу мерзімі – 2011 жылғы 1 мамыр мен 1 желтоқсан аралығы.
Конкурсының жеңімпаздарын анықтау үшін арнайы комиссия құрылады.
Конкурс қорытындылары екі кезеңде шығарылады:
– 2011 жылғы 1 маусымда (аралық кезең, Қоршаған ортаны қорғау күніне орай)
– 2011 жылғы 1 желтоқсанда.
Әрбір кезең бойынша конкурс талаптарына сәйкес келетін үздік материалдар анықталады.
Конкурс жеңімпаздарына келесі марапаттар белгілінген:
– бірінші кезең (аралық) нәтижелері бойынша жеңімпаз министрдің құрмет грамотасымен марапатталады;
– қорытынды нәтиже бойынша (бірінші кезең материалдары есебімен)
І орынға – 200 000 теңге;
ІІ орынға – 100 000 теңге;
ІІІ орынға – 50 000 теңге.
– Жеңімпаздар тізімі «Эколог НС» газетінің беттерінде және министрлік сайтында жарияланады.
Автордың барлық ақпараттары көрсетілген конкурс материалдары «конкурс үшін» белгісімен ksi.05@mail.ru мекен-жайына жолданады. Конкурсқа бұның алдында Интернет желісінде және баспалық шығарылымдарда жарық көрмеген жарияланымдар ғана қатыса алады. Мақала көлемі үздіксіз 10000-20000 баспа белгілері (5-10 парақ). Конкурсқа бір автордың атынан жолданатын жарияланымдар санына шектеу қойылмайды.
Барлығыңызға шығармашылық табыс тілейміз.
Пікір қалдыру