Еңбегін жеме кеншінің, ол емес сенің меншігің!

1 пікір

Ақтөбе облысындағы Хромтау қаласында Александр Машкевичтің меншігіндегі ENRC-ге қарасты «Қазхром» трансұлттық компаниясы» АҚ Дөң кен байыту комбинатының мыңнан астам жұмысшысы соңғы 20 күнде екі рет наразылық шеруіне шықты. Кеншілер қойған басты талап – еңбекақыны дұрыс есептеу.

More

Пікір қалдыру

Галина Арапова, БАҚ құқықтарын қорғау Орталығының (Воронеж, Ресей) жетекшісі:

Бізде тәуелсіз баспасөзбен тек «балық орауға» болады 

Таяу күндері Астанаға халықаралық деңгейдегі медиа-заңгер Галина Арапова келді. «Солтүстік Қазақстан құқықтық медиа орталығы» ұйымдастырған адам құқықтары жөніндегі семинарда екі күн бойы жас журналистерді сот материалдарын қалай сауатты, заң аясында жазуға болатынын үйретті. Мейманнан Ресейдегі сөз бостандығы ахуалын, көрші елдегі төртінші биліктің жағдайын, әріптестеріміздің өздерін қалай қорғайтынын сұрастырған болатынбыз. 

More

Хабарландыру! «Мінбердің» дәстүрлі семинары!

1 пікір

Құрметті оқырман!

Былтыр «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы Сорос Қазақстан қоры мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қолдауымен «Қазақтілді ақпарат тәжірибесіне жаңа медиа технологияларын енгізу» тақырыбында екі күндік республикалық семинар-тренинг өткізген еді.

More

Қазақ «боевиктерi»…

Пікір қалдыру

Дағыстан аумағында былтыр ұсталған төрт қазақ жігіті сол жақтағы лаңкестік және жiкшiлдік әрекеттерден бас тартқысы келгендерді бейімдеуге қол ұшын созу жөніндегі республикалық комиссияға жолықты. Дағыстан президенті жанындағы жауынгерлерді бейімдеу комиссиясы мүшелерінің алдында Қазақстанның төрт азаматы – Альберт Әбдікәрімов, Сейілхан Дауылбаев, Жасқайрат Ықсанов және Райымбек Ержанов Қап тауына интернеттің арбауы арқылы келгендерін айтқан.

More

Назар аударыңыз! Конкурс!

Пікір қалдыру

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Эколог НС» салалық газетінің редакциясымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластырып, экологиялық проблемалар бойынша ең үздік жарияланымға конкурс жариялайды. Конкурсқа ғалымдар, сарапшылар, экологтар, қоғамдық ұйым өкілдері, журналистер қатыса алады.

More

ТОМСК ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ ІЗ-ТҮССІЗ ЖОҒАЛЫП КЕТКЕН ҚАЗАҚ АЗАМАТЫН ТАУЫП АЛДЫ

1 пікір

Көрші елдің құқық қорғау органы қызметкерлері 46 жастағы жігіт ағасын тапты. Томск облысы Ішкі істер басқармасының баспасөз қызметінен тараған деректерге сүйенсек, қазақ азаматы мен туыстарының арасындағы байланыс 20 жыл бұрын үзілген екен.
Ақпан айының соңында Стрежовой қаласының зейнеткері милицияға хабарласып, оның Медведково ауылындағы саяжайының үйшігінде әлдекімнің тұрып жатқанын жеткізген. Бақшасына келген зейнеткер әйел үйшіктің маңына адам іздерін байқаса керек.

More

Ақтөбеге жаңа концерттік бағдарламамен «Нұр-Ай» тобы келе жатыр…

Пікір қалдыру