kazprose.wordpress.com парағындағы жазбаға қарағанда, 23 қаңтар күні Шынжаңның Ғұлжа қаласында Мақтал, Рахат есімді қазақ азаматтары бастаған бес ағайынды жігіт ұзындығы 213,2 метр, салмағы 1256 келі болатын қазақтың қазысын жасап шыққан. Арнайы комиссия оған «Ең ұзын ұлттық дәмдегі қазы» деген арнаулы атақ тағайындапты.
kazprose.wordpress.com-ның еске салуынша, осыдан 4 жыл бұрын Үрімжі қаласының жігіттері 90 метрлік қазы жасап рекорд жасаған болатын.