Ақтөбе қаласында 3G қосылуға байланысты баспасөз мәслихатына біз де бардық. Елден ерекше болып, бірінші келіп отырып алыппын. Менен кейін «Керек.инфо» газетінің өкілі келді. Ұйымдастырушыларға «Ақтөбедегі жалғыз қазақтілді басылымбыз» деп таныстырды. Рас, «тәуелсіз жалғыз газетпіз» деп түзеп қойды. Санаулы минуттардан соң, «Ақтөбе» газетінен де әріптесіміз жетті. «Ақтөбедегі қазақ тілінде жазатын жалғыз газеттенмін» деген сарында өзін таныстырды. Абырой болғанда, қазақтілді «Айна-Ақтөбе», «Табын», «Арайлы Ақтөбе», «Нұрдәулет», «Ұстаз», «Шежіре», «Ықтияр» деген басылымдардан өкілдер келмеді. Әйтпегенде, төбелес болып кетер ме деп қорықтым. Бірақ қай-қайсысының да өз газетін дара, жалғыз санайтыны… көңілге медеу. Біздерде газеттеріне осылай беріліп, әрі онысын дара газет деп санайтындар бар… Әсте бір, «әр газет менің жалғызым» дегенге бергісіз…