«Агент-лаңкестің» ағынан жарылуы

3 пікір

Ақтөбедегі оқу орындарының бірінің студенті агентте күні бойы, кейде тіпті түнделетіп отыратындармен күресу керек деп тапты.

Ол үшін студент агентте отырған таныстарына көлемі бірнеше бет болатын мәтінді жібере салады. Мәтінде әріптер жиынтығы, не кез келген тыныс белгілері болуы мүмкін. Нәтижесі көп күттірмейді.

More

«Аты заты сай қала – Қандыағаш, сай емесі – Алға»

Пікір қалдыру

Қанды қала (құдай сақтасын»), Қандоград, Қандагар, Қанды… ағаш! Небір қанды оқиғалар осында болады. Төбелес те, адам өлімі, зорлау, қыру-жою… Шалқардың шатақтары «қанды қала» мәртебесін Қандыағашқа бере салғанға ұқсайды.

More

Қытай қазақтары ұлттық тағам – қазыны рекордтар кітабына енгізді.

Пікір қалдыру

kazprose.wordpress.com парағындағы жазбаға қарағанда, 23 қаңтар күні Шынжаңның Ғұлжа қаласында Мақтал, Рахат есімді қазақ азаматтары бастаған бес ағайынды жігіт ұзындығы 213,2 метр, салмағы 1256 келі болатын қазақтың қазысын жасап шыққан. Арнайы комиссия оған «Ең ұзын ұлттық дәмдегі қазы» деген арнаулы атақ тағайындапты.
kazprose.wordpress.com-ның еске салуынша, осыдан 4 жыл бұрын Үрімжі қаласының жігіттері 90 метрлік қазы жасап рекорд жасаған болатын.

«Әр ГАЗЕТ менің жалғызым»

2 пікір

Ақтөбе қаласында 3G қосылуға байланысты баспасөз мәслихатына біз де бардық. Елден ерекше болып, бірінші келіп отырып алыппын. Менен кейін «Керек.инфо» газетінің өкілі келді. Ұйымдастырушыларға «Ақтөбедегі жалғыз қазақтілді басылымбыз» деп таныстырды. Рас, «тәуелсіз жалғыз газетпіз» деп түзеп қойды. Санаулы минуттардан соң, «Ақтөбе» газетінен де әріптесіміз жетті. «Ақтөбедегі қазақ тілінде жазатын жалғыз газеттенмін» деген сарында өзін таныстырды. Абырой болғанда, қазақтілді «Айна-Ақтөбе», «Табын», «Арайлы Ақтөбе», «Нұрдәулет», «Ұстаз», «Шежіре», «Ықтияр» деген басылымдардан өкілдер келмеді. Әйтпегенде, төбелес болып кетер ме деп қорықтым. Бірақ қай-қайсысының да өз газетін дара, жалғыз санайтыны… көңілге медеу. Біздерде газеттеріне осылай беріліп, әрі онысын дара газет деп санайтындар бар… Әсте бір, «әр газет менің жалғызым» дегенге бергісіз…