Жалпы, мен автокөліктерге әуес болмасам да, ұшақтарға қатты қызығамын. Тіпті дүкен сөрелерінде ойыншық ұшақ көрсем, балаша қызығып қарап, біразға дейін кете алмаймын. Таяуда, «Алтай» базарында да екі ойыншық ұшақты «бір күні сендерді сатып аламын» деп, «көздеп» кеттім. Шынымды айтсам, мен Боинг ұшағының макетіне қол жеткізе алмай жүрмін. Білуімше, Астана әуе жайында, кеңселердің бірінде сататын көрінеді. Астанаға әр барғанда «әне алам, міне алам» деп әлі жүрмін.

More