Корей сериалдарын көріп отырып, тәбетім оянып кетеді. Кино кейіпкерлерінің сылпылдатып ішіп отырған тамағының дәмін татқым келетінін де жасырмаймын. Бұл не?! Ұлттық тағам түрлерін дәріптеуде корей «телекөбіктерінің» жеңісі мен жемісі ме екен?!

Корей мелодрамаларының ерекшеліктері.

Сериалдың да өз стереотиптері бар. Латинамерикандық «телекөбіктерге» қарағанда, корей сериалдары тек өз тілінде түсіріледі. Қазақстандық сериал майталмандарына қандай үлгі десеңізші?! Тіпті, аудармашысы бола тұра, корей кинематографистері батыс нарығын осылайша жаулап алуды көздейді. Киносыншылардың пайымынша, корей сериалдарында актерлік техника ақсаңдап тұр. Іс-қимылдары жасанды. Атыс-шабыс, үлкен ұрыс-керіс жоқ. Тіпті корей сериалдарының басым бөлігінде кейіпкерлері тып-тыныш. Дауыс көтеріп сөйлемейді де. Тамақтануына қарап мінезін таны Көзі қырағы көрермен байқаған да болар – корей сериалдарының кейіпкерлері жиі тамақтанады. Экрандағы уақытының басым бөлігін олар дастархан басында, «ошақ қасында» өткізеді. Тіпті тағамы арқылы материалдық жағдайын білдіретін іспетті. «Асына қарап, адамын таны»-ның кебі.

1) “Ұйыған отбасы”. Дастархан басында отыр: – “Ням-ням, дәмді. Әпке кимчхиді керемет әзірлейді – Қалай әзірлейсіз? Менің әзірлеген кимчхиім ешқашан былай дәмді болмайды. – Енді, сен, тағам даярлағанда бар жаныңмен әзірлеу керек екенін білесің ғой”. (мұның барлығы ерекше дауыс мәнерімен айтылады).

2) “Берекеті кеткен отбасы”. Отбасы мүшелері әр бұрышта отырып, тамақтанып отыр. Қолдарында негізінен сатып алынған гамбургер. Қарны ашқан балалары анасынан тамақ сұрайды. Ашуға булыққан анасы балаларын қуып жатыр.

3) “Қатал да әділ әкей”. Отағасы корей асханасын ерекше құрметтейді. Тамақ ішкенде де, ыңғайсыз дыбыстар шығаруға арланбас: – Таңғы асқа тек кимчхи-чиге ұсыну керек – Әке күн сайын кимчхи-чиге ішуге болмайды ғой. – Мен айттым, осы тағамды дайындаңдар, бұл ұлттық тағам. Асқазанға да пайдалы. Ал түстен кейін көк шәй ішіңдер. Көк шәй ішу керек, кофе емес. Кофе зиянды» (Тіпті мимикасын жақтырмай отырған адамның келбетіндей қылады)

4) “Батыстың өмір салтына еліктегіш, ерке, жағымсыз кейіпкер”. Денсаулыққа пайдалы ұлттық тағамды жақтырыңқырамайды. Сүйіктісін қымбат мейрамханаларға апарады.

5) “Басты рөлдегі көңіл күйі болмай жүрген кейіпкер ару”. Туғандары мен достарының көндіргеніне қарамастан, тамаққа тәбеті болмайды. Бір серияның ішінде оны ауқаттануға он рет шақырады. Мұңлы скрипка дыбысы. Кейіпкер ақыры тамақ ішпей тастайды.

6) “Сергек, ешқандай уайым-қайғыға берілмеген кейіпкер”. Алдына келген тағамның барлығын жыпыра беруден тайынбайды. Тіпті, шылпылдатып тамақтанғаны арқылы оның жаны еш уайымға берілмегенін аңғаруға болады.

7) “Мейірімді ана”. Ол туралы айтпауға да болар. Әрдайым базар кезіп жүреді. Ас бөлмеде әрдайым бірдеңелерді турап жатады, қазаны қайнап жатады.
8)  “Халық арасынан шыққан, бай қарт”.

Қымбат мейрамханаларда ауқаттанса да, кедей-кепшіктер жейтін тағамды пайдалана береді. Әсте бір кедей-кепшік кезін ұмытпағандай.