Ақпарат көзі ретінде бүкіләлемдік ғаламторды сүзіп шыққан едік. Шри Чинмой жөніндегі ақпараттан кенде емес екен. Мысалы, әулие Ириней Лионскийдің ақпараттық-кеңес беру орталығында (http://iriney.vinchi.ru/sects) Шри Чинмой Тантра-Сангха, Кришнаиттер, ТМ, Ананда марга, Саи Баба секілді псевдоиндуистік секталар мен культтердің қатарынан орын алыпты. Ал, ресейлік сайттардың бірінде (www.ic.omskreg.ru) Омскідегі орталықта (мүшесі 1000-ға жуық делінген) жаңадан келіп жүргендерге аптасына бір рет, өзгелерге екі реттен жиналыс өткізілетіні айтылыпты. Жиналғандар ән айтып, Шри Чинмойдың шығармаларын тыңдайды екен. Рухани тақырыптарға әңгіме қозғайды. Сондай-ақ орталыққа толық мүше болу үшін абсолютті вегетариан болуы керек делініпті.

http://askar2007.livejournal.com/5823.html#cutid1