Такуа рэкеттер

Пікір қалдыру

Бүгінде «рэкет» сөзі қолданыстан шығып бара жатқанға ұқсайды. Өткен ғасырдың соңғы он жылдығында белсенді жұмыс жасаған рэкеттер саны бүгінде некен-саяқ. Олардың қатарында көбіне атағы бар спортшылар болатын. Мұндай банда мүшелері арасында бүгінде дінге бет бұру тенденциясы байқалуда.

(Бұл туралы толығырақ «Жас қазақ» апталығының №32 санынан оқи аласыздар)

www.who.kz

Пікір қалдыру

www.who.kz

Шәмшінің көшесінде Шри Чинмойдің әуені естіледі

Пікір қалдыру

More

Эстрада әншілері оразаға дайындалып жатыр

2 пікір

Қасиетті ораза айы жақындап келеді. Жаратқанның алдында барлығымыз бірдейміз. Мейлің басшы, мейлің қосшы. Соңғы жылдары дін жолына мойынсұнып, мұсылмандық парызын өтеушілер қатары артып барады. Бұл жайт өнер адамдары, әсіресе, эстрада жұлдыздары арасында да байқалады.

More

«Коп балалы» аке

Пікір қалдыру

21 жастағы Рүстам Жаркеевтің 50 баласы бар. (материалдын толык нускасын салден соң орналастырамын)

5 кыркуйекте жана мешитте алгашкы Жума н-з окылады

1 пікір

Актобеде мешит курылысы аякталып келеди. Татарстандагы «Кул шериф» мешитинин улгиси бойынша салынып жаткан мешитте алгашкы жума намазы кыркуйек айынын 5-ші жулдызында окылады.

200 адам сундетке отыргызылды

Пікір қалдыру

Ақтөбеде 200 бала сүндетке отырғызылды. 35-40-тағы жігіт ағалары да (екі-үш кісі) сүндеттелді.
Түркиядан келген дәрігерлер тек бір күннің ішінде облыс орталығында 115 баланы сүндетке отырғызды. Араға бір күн салып, облыс орталығынан 40 шақырым жердегі Алға ауданында 80 баланы сүндеттеді. Барлығы 200-ге тарта ақтөбелік осылайша «нағыз мұсылман» атанып шыға келді.

http://www.aikyn.kz/site.php?lan=kaz&id=167&pub=20031

Хадистер (Rasulullah.kz)

Пікір қалдыру

Хз. Айша (р.а) анамыз:

«Расулуллаһ (аләйһиссаләту уәссәлам) жылдың ешбір айында Шағбан айындағыдай көп ораза ұстамайтын және былай айтатын:

– Амалдарыңнан әлдерің жететінін жасаңдар. Өйткені сендер жалықпағандарыңша, Аллаһ
та сендерге ешқашан жалығу бермейді.
Аллаһтың құзырында ең қабыл болатын амал ол, кісінің аз да болса үздіксіз жасаған амалы.»

(Муслим, Сыям, 177)

Кеденде шошта онимдерине тыйым! Халал шужыкка емес!!!

Пікір қалдыру

Таяуда бир досым Ресейден уш шужык акеле жатса керек. Айтуынша халал шужыктар. Кызык болганда жолда орыс кеденшилер устап алып, Казахстанга шужык алып отуге тыйым салынган деп аурелепти. Расында шужык откизуге тыйым салынган. Бирак кез келгенин емес, тек шошка ети косылган шужык, шошка онимдерин алып отуге тыйым салынганы рас.

ПЫ.ЭС::: Динкеси курыган досым шужыкты сол жердеги кокыс жашигине лактыруга ынгайлана бастаганда, колын ара шагып алган. Кеденшилер катесин тусинип, халал шужыкты откизуге руксат берипти.

А-р

Хадистер (Rasulullah.kz)

Пікір қалдыру

Хз. Айша (р.а) анамыз:

«Расулуллаһ (аләйһиссаләту уәссәлам) жылдың ешбір айында Шағбан айындағыдай көп ораза ұстамайтын және былай айтатын:

– Амалдарыңнан әлдерің жететінін жасаңдар. Өйткені сендер жалықпағандарыңша, Аллаһ
та сендерге ешқашан жалығу бермейді.
Аллаһтың құзырында ең қабыл болатын амал ол, кісінің аз да болса үздіксіз жасаған амалы.»

(Муслим, Сыям, 177)

Сумдык: Актобелік басылым Пайгамбардын (с.а.у.) «суретін» жариялады

2 пікір

Еліміз дінге бет бұрған заманда бұқаралық ақпарат құралдары да дін тақырыбына орын беруді үрдіске айналдырды. Бұл, әрине, құптарлық жағдай. Алайда «бүйректен сирақ шығарды»-ның керін келтірген жергілікті бір басылым Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбардың бейнесін «жариялады».
«Ақтөбе таймс» апталығында дін тақырыбына арналған материалдардың тұрақты түрде жарық көріп жатқанын білеміз. Таяуда аталған басылымда «Намаз» айдарымен «Пророк» деген жарты беттен сәл асатын материал жарық көрді. Онда Пайғамбардың (с.а.у.) өмірі, оның жолдастары, әйелдері туралы кеңінен баяндалған. Және… дәл сол бетте, сол материал орналасқан тұста бәзбіреудің кескіні бейнеленіпті. Қолына гүл ұстаған, бір қолында орамалы бар, шапан киген, басында сәлдесі бар, сақалды, қыр мұрынды әлдекімнің бейнесі. Мультфильм, ертегі кейіпкеріне бергісіз сұлбаны газет қызметкерлері шамасы интернеттен «қазып» алған болуы керек.
Жалпы мұсылман әлемінде Пайғамбардың бейнесі еш жарияланбауы тиіс. Тіпті діни мейрамдарда жиі көрсетілетін «Мұхаммед — Алланың елшісі» фильмінде де, басынан аяғына дейін Пайғамбар өмірі баяндалса да, оның жүзі көрсетілмеді.
— Пайғамбардың бейнесін ешкім білмейді. Әйгілі фильмде де Пайғамбардың жүзі көрсетілмеді. Елшінің суретін ешкім қалдырмаған. Әйтпесе оған табынып кетушілер де болуы мүмкін. Жалпы исламда суретке қарсы шығатын тұстар бар. Тіпті зираттардың басында да сурет қалдыру мәкрүк саналады. Ал Пайғамбардың суретін ұқсастырып та, оның үстіне әжуа етіп салуға мүлдем болмайды. Бұл исламда үлкен қате саналады, — дейді Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасының Ақтөбе облысы бойынша өкіл-имамы Бауыржан Есмахан.
Осыдан санаулы жыл бұрын Данияның Jyllands-Posten басылымы Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбардың бейнесін әжуа еткен карикатураларды жариялағаны ұмытыла қойған жоқ. Басылымда жарық көрген карикатураларды іле-шала кәрі құрлықтың ондаған басылымдары көшіріп басты. Еуропалықтарға қарағанда мұхиттың арғы жағындағы басылымдардың пайғамбарға құрмет көрсететіндігі байқалды. АҚШ басылымдары, бірен-сараны болмаса, еуропалық әріптестерімен салыстырғанда, ұстамдылық танытты.
Ал мұсылмандар елдері дүр ете түсті. Көптеген иманды мемлекеттер Даниядан шыққан өнімдерді қабылдамай тастады. Даниялық әріптестеріне байкот жариялады. Экономикалық шаралар қолдана бастады.
Пәкістандық молда карикатура авторын өлтірген жанға 1,5 миллион рупий (23 мың АҚШ доллары) көлемінде сыйақы тағайындады. Исламабадта мыңдаған адам наразылық акция өткізді. Татарстан ірі сауда желілерінің бірі дат өнімдерінен бас тартты. Айналымнан шұжық, ет өнімдері алдыртылды. «Мұсылмандардың сезімін аяқ асты еткені үшін даниялық әріптестерімізге осындай шара қолдануға мәжбүрміз», — деп атап өтті Татартсандағы сауда желісінің басшылығы.
Даниялық басылымда жарық көрген карикатураны қайта көшіріп баспау жөнінде Укранина мұсылмандары үндеу тастады. Ал Рамзан Қадыров Шешенстаннан дат мекемелерін қуып жіберуден тайынбады. Иран президенті Махмуд Ахмадинежад Jyllands-Posten газетінде жарияланған карикатураларды көшіріп басқан мемлекеттердің үкіметімен экономикалық қарым-қатынасты тоқтату жөнінде ұйғарымға келді.
Бұл — өткен оқиғалардың әңгімесі. Әйтсе де ақтөбелік басылымның пайғамбар суретіне қатысты жайды білмеуі өкінішті жай.
Асқар Актобеден

Бауыржан соккыга жыгылды

Пікір қалдыру

Германиядан келген Роберт басынып барады. Онын акки кылыгына шыдамаган бир топ азамат ар тарапка арызданып жур. Бирак кулак асар ешким табылмай отыр. Кеше Астанадан бир депутат келген. Ол да уаде берип кетти. Бас прокурорга хабарлаймын деди. Сол туни Бауыржанды торт жигит сабап кетти. Арызынды кайтып аласын деп коркыткан.

Бизге жумбак болып отырганы — Роберт кайдан, калай келди? Онын артында кандай адамдар тур? Неге ол киси осыншама шу шыгаруга муддели болып отыр.